Қазақстан Парамаунт Инжиниринг «KADEX-2018» көрмесінде жаңа буындағы броньды дөңгелекті машиналарын көрсетті

23.05.2018

23 мамыр 2018ж., Астана «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС – еліміздің қорғаныс өнеркәсібі көшбасшыларының бірі алдағы «KADEX-2018» халықаралық көрмесінде жаңа буындағы броньды дөңгелекті машиналарын (БДМ) көрсетті.

Броньды машиналармен басқа кәсіпорын өзінің көрме алаңында аэроғарыш және әскери-теңіз күштеріне арналған көпмақсаттағы қару-жарақ жүйелерін көрсетті.

Кәсіпорын «Барыс» броньды машинасының 6х6 және 8х8 дөңгелекті формуласындағы үлгілерін,

сонымен қатар 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Арлан» және «Алан» броневиктерін паш етті. Егер «Барыс 8х8» алдыңғы «KADEX-2016» көрмесінде ресейлік «АУ-220М» жауынгерлік модуліне орналасқан 57-мм автоматты зеңбірегімен көрсетілсе, осы жылы БДМ отандық өндіруші «КАЕ» ЖШС әскери модулімен көрмеге қойылды. «Сарбаз» ату станциясы 30-мм гиротұрақтандырылған қашықтықтан басқарылатын ату мұнарасы. Онымен қоса машина 7,62-мм пулеметімен жарақтандырылған. Екі жылдық зауыттық және көрсетілімдік сынақтардың нәтижесінде «Барыс 8х8» бірқатар конструкторлық, техникалық және тактикалық өзгерістерден өткен.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Барыс 8х8» БДМ жақын арада баға баға бермек, одан кейін машина ҚР ҚК қаруландыруға жіберілмек. Қыстық және жаздық сынақтар кезінде машина әртүрлі  экстремалды климаттық тестерден сүрінбей өтті.

«Барыс 6х6» да екі жыл бойына өткен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан кейін 82-А БТР-інің тұрақтандырылған зеңбіректік-пулеметті қару-жарағымен сәйкестендірілген жауынгерлік бөлімшесімен көрсетіледі. Көрменің қонақтары ең танымал қазақстандық броньды машина «Арланды» әртүрлі үлгіде, мысалы: «САРП» жауынгерлік модулімен, қосарланған 7,62 мм ПКТ пулеметі орнатылған «САРП-С» жетілдірілген жауынгерлік модулімен және механикалық әскери мұнарасымен көре алады.

Кәсіпорын алғаш рет көрмеде көпмақсатқа арналған «Алан» БДМ көрсетті. Машина әртүрлі міндетті атқаруға, мәселен: құқықтық тәртіпті сақтау, арнайы жасақ және айрықша әрекет ету тобының операциясына, ішкі қауіпсіздікке, шекараны шолғындауға және қарулы қақтығысты жоюға арналған.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы отандық бірегей және инновациялық кәсіпорын болып табылады. Зауытта шығарылатын броньды машиналар ең жоғарғы халықаралық стандарттарға сай және өзінің кейбір тактикалық-техникалық көрсеткіштері жағынан шетелдік аналогтардан асып түседі. Қазақстандық броньды машиналардың ерекшеліктері олардың сенімділігінде, мобильділігінде және мықты қорғанысында.

Кәсіпорын «Арлан» БДМ және «Алан» БДМ Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігіне және басқа да әлеуетті мекемелерге жеткізу туралы мемлекеттік тапсырысты табысты орындауда.

Айта кету керек, қазақстандық армияны қаруландыруға қабылданған «Арлан» броньды дөңгелекті машиналары көрме кезінде техноалаңда өтетін көрсетілімдерге қатысуда.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» баспасөз қызметі