ҚАЗАҚСТАН ПАРАМАУНТ ИНЖИНИРИНГ "АРЛАН" БРОНЬДЫ ДӨҢГЕЛЕКТІ МАШИНАЛАРЫНА ЖАҢА ТАПСЫРЫС АЛДЫ

24.05.2018

24 мамыр 2018, Астана қ. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС (бұдан әрі - ҚПИ) Қазақстан Республикасының әлеуетті күштерінен 4х4 дөңгелекті формуласындағы "Арлан" броньды машинасына жаңа тапсырыс алды.

Бұл туралы Астана қаласында өтіп жатқан "KADEX-2018" Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық көрмесінде белгілі болды.

Тапсырыстың еліміздің қорғаныс қабілеттілігіне маңыздылығы ескеріле отырып кәсіпорын броньды машиналардың алғашқы топтамасының өндірісіне кірісе бастады. Тапсырыс 2018-2019 жылдары  толығымен орындалады деп күтіліп отыр.

 «Арлан» - бұл ең қатал климаттық жағдайға бейімделген жаңа буындағы броньды дөңгелекті машина. "Арлан" БДМ экстремалды жағдайда сынақтардан толығымен өткен. Инновациялық жылыту жүйесі мен кабинада ылғалдылықты ұстап тұрудың нәтижесінде -50 ден +50 градус температурасында экипаж мүшелері өздерін жайлы сезінеді. Сонымен қатар броньды көлік химиялық шабуылға қарсы қорғанысқа ие.

Сонымен қатар "KADEX-2018" көрмесінде ҚПИ өзінің инновациялық жобасын – STANAG 1 халықаралық стандартына сай броньды механикалық мұнарасын көрсетті.   

ҚПИ "KADEX-2018" көрмесіне "Арлан" БДМ басқа кәсіпорыннан өндіріліп отырған броньды машиналарын қойды. "Арлан" БДМ, 6х6 және 8х8 конфигурациясындағы "Барыс" БДМ, сондай-ақ 4х4 дөңгелекті формуласындағы "Алан" БДМ – бұлар ел қорғанысын қамтамасыз ететін әскери доктрина талаптарына сай әскери техниканың үлгілері. 

ҚПИ Орталық Азиядағы броньды дөгелекті машиналар өндіретін ірі зауыттардың бірі. Қазақстан елордасы Астанада орналасқан кәсіпорын 13,5 мың шаршы метрді алып жатыр. Бүгінгі күні компания броньды техниканың жиынтығын көбейтуді көздеп отыр. Мәселен, зауыт басшылары ҚПИ флагманы болмақ "Барыс 8х8" ұрыс машинасының өндірісін жақын арада бастайтығын жеткізді. Машинаның жаппай өндірісі қыстық және жаздық әскери сынақтардан өткеннен кейін басталады деп көзделініп отыр.

ҚПИ кәсіпорыны барлық аймақтың сұранысын орындауға қабілетті. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 200 техника.

"Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС баспасөз қызметі