Халық Қаһарманы Мұхтар Алтынбаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС броньды машиналарының өндірісімен танысты

28.06.2018

Халық Қаһарманы, Армия Генералы Мұхтар Алтынбаев броньды дөңгелекті машина шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында болды.

«Бүгін, көптеген шиеленістер екі тұрақты армияның қақтығысынан емес, негізінен қалаларда партизандар мен лаңкесшілердің шабуылдардан кейін бой алады, осындай кезде жарылыстан қорғалған дөңгелекті техникалар біздің армияға өте қажет», - деп атап көрсетті Мұхтар Алтынбаев.   

Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов «Арлан», «Алан» броньды машиналарының, сонымен қатар 6х6 және 8х8 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» бронетранспортерлерінің өндіріс технологиясымен толықтай таныстырды.

«Зауытта броньды машиналардың өндірісі толығымен жолға қойылды. Бүгінгі күні қазақстандық үлес 70% құрап отырған, сондай-ақ, біз өзіміздің конструкторлық бюромызды құрдық, онда «Болашақ» бағдарламасымен білім алған жас мамандардың басын қостық. Осы конструкторлық бюромызды дамытатын болсақ, бізде жаңа машиналар да, технология да болады» деді, Е. Сәлімов.   

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азия аумағындағы броньды дөңгелекті машина шығаратын ауқымды, бірегей және инновациялық кәсіпорын болып табылады. Зауыт ашылғаннан бері Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі және басқа да еліміздің әлеуетті мекемелерінің мемлекеттік тапсырыстарын орындап келеді. 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі