«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС мен ПАО «КАМАЗ» бірінші басшылары ынтымақтастық мәселелерін талқылады

04.07.2018

ПАО «КАМАЗ» Бас директоры Сергей Когогин Астана қ. орналасқан «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС кәсіпорынында болды.

С. А. Когогин броньды дөңгелекті машина (БДМ) шығаратын зауыттың қызметімен және «Арлан» БДМ өндірісінің технологиясымен, конструкторлық бюро жұмысымен танысты.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға 6х6, 8х8 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» бронетранспортерінің және «Алан» броньды дөңгелекті машинасының дайын нұсқаларын көрсетті.

Кездесу кезінде ПАО «КАМАЗ» и «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС басшылары алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

Анықтама:

«КАМАЗ» компаниялар тобы – Ресей Федерациясындағы ең ірі автокөлік корпорациясы. ПАО «КАМАЗ» ауыр жүк көліктерін шығаратын әлемдік 20 компанияның бірі және толық салмағы 16 тоннадан асатын ауыр жүк көліктері өндірісінің көлемі бойынша 16 орында тұр. Өндірістік қуаты – жылына 71 мың автокөлік.    

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азия аумағындағы броньды дөңгелекті машина шығаратын ауқымды, бірегей және инновациялық кәсіпорын болып табылады. Зауыт ашылғаннан бері Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі және басқа да еліміздің әлеуетті мекемелерінің мемлекеттік тапсырыстарын орындап келеді. 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі