Үндістан Республикасы әскери делегациясының іссапармен келуі

24.10.2018

2018 жылғы 23 қазанда “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС зауытына Үндістан елшілігінің Әскери атташесі полковник Милан Винаяк Налаваденің басшылығымен Үндістан Республикасының Жоғарғы қорғаныс басқарма курсының делегациясы іссапармен келді.

2018 жылғы 23 қазанда “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС зауытына Үндістан елшілігінің Әскери атташесі полковник Милан Винаяк Налаваденің басшылығымен Үндістан Республикасының Жоғарғы қорғаныс басқарма курсының делегациясы іссапармен келді.

Курс Үндістан Қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшылығына офицерлерді дайындауға арналған. Курсты дайындау бағдарламасына озық халықаралық тәжірибемен танысу, объектілерге, аналитикалық және инженерлік орталықтарға бару кіреді.

Қазақстан Парамаунт Инжиниринг зауыты Орталық Азия өңіріндегі құрышпен қапталған доңғалақты техниканы өндіру бойынша озық объекті ретінде Курстың іссапар бағдарламасына енді. Халықаралық әріптестердің шығарылатын өнім сапасы туралы пікірлері және оған сенім деңгейі қазіргі заманғы техникалық жабдыққа және қаруланудың жаңа түрлеріне көп көңіл бөлетін Үндістанның Қарулы күштерінің офицерлік құрамы тарапынан болжалды қызығушылығы үшін негіз болды.

Делегация қатысушылары іссапар барысында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне жеткізілетін “Арлан” құрышпен қапталған доңғалақты машиналарын (ҚҚДМ), арнайы мақсаттағы күштермен пайдаланылатын “Алан” ҚҚДМ және Қазақстан әскерін қаруландыру үшін дайындалатын «Барыс 6х6» және «Барыс 8х8» өндірісінің өндірістік желісімен танысты.

Үндістанның Жоғарғы қорғаныс басқармасы курсының тыңдаушылары қысқа мерзімде тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес  қажетті толықтырулар дайындай алатын Конструкторлық бюроның жұмысына қызығушылық танытты. Оларды көбінесе қазақстандық мамандардан тұратын кәсіпорынның қызметкерлер құрамын инженерлік және кәсіптік дайындау деңгейі таң қалдырды.

Жеткізу, оқыту және сервис саласындағы ынтымақтастықтың стандартты шарттары мен өндіріске қатысты мәселелердің кең спектрі талқыланды.

Зауытшыларда қалыптасқан дәстүр бойынша іссапар ашық достық жағдайда өтті.

Анықтама

2015 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасының Президенті - ҚР ҚК-нің Жоғарғы бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев ашқан «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауыты бір ауысымды жұмыс кезінде жылына 120 құрышпен қапталған доңғалақты машинаны өндіру қуаттылығы бар құрышпен қапталған доңғалақты машиналарды (бөлшектер мен құрышпен қапталған корпусты кесу, майыстыру, дәнекерлеу, бояу, құрастыру, бақылау және сынау желілері бар кешен) өндірудің толық циклімен бірегей технологиялық жоба болып табылады.