ҚР Қорғаныс министрлігіне және Қазақстанның арнайы қызметтеріне ҚДК-ның жаңа партиясын жеткізу өтті

26.11.2019

ҚР Қорғаныс министрлігіне және Қазақстанның арнайы қызметтеріне ҚДК-ның жаңа партиясын жеткізу өтті

 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы (ҚПИ) ҚР Қорғаныс министрлігіне «Арлан» құрышталған дөңгелекті көліктерін (ҚДК) кезекті жеткізуді жүзеге асырды.

«Арлан» ҚДМ-ның қазақстандық жағдайларға бейімделуімен ерекшеленеді: қозғалтқыштың қысқы пайдалану кезеңінде старт алдындағы қыздыруы, тиімді жылыту жүйесі, қазақстандық өндірістің радиостанциясы, ауа кондиционері.

«Арлан» құрышталған дөңгелекті көлігі «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС тиесілі MRAP (ағылш. mine resistant ambush protected - тосқауылдан жасалған қопарудан және шабуылдан қорғалған) технологиясына сүйеніп жасалды, оның негізі  V-тәрізді шанақ болып табылады, ол жалпы көлік сияқты қазақстандық зауытта толығымен дайындалады. ҚПИ Жеке Конструкторлық Бюросы қысқа мерзімде Тапсырыс беруші тарапынан талап етілетін құрышпен қапталған  автокөліктердің конструкциясына барлық өзгерістерді енгізуге, жаңа тораптар мен блоктарды құруға, құрышпен қапталған техниканың басқа үлгілерін өндіру үшін өндірісті тұтастай ауыстыруға мүмкіндік береді.

Қазақстандық құрышталған көлігіне жиынтығына радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жүйесі (РХБ) кіреді, ол радиациялық шаңның, газ және биологиялық шабуылдар сияқты талаптарға жауап бере алады. Көлік құралының сүзгі-желдету жабдығы бірнеше сағат бойы ауаны тазалауға қабілетті.

Машиналар пайдаланушыдан алынған кері байланыс негізінде экипажға арналған жоғары эргономикаға ие, жетілдірілген жылыту және ауаны баптау жүйесі бар.

Өндірістің қазақстандық қамтуы 72%-дан асады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының арнайы қызметтеріне машиналардың осындай түрі үшін барынша жоғары баллистикалық қорғанышы, сенімді трансмиссиясы, үлкен сыйымдылығы, өту мүмкіндігі бар «Алан» құрышпен қапталған машиналарының жаңа партиясы жеткізілді, олар температуралық режимнің кең диапазонында пайдаланыла алады және жылдамдықты сағатына 160 шақырымға дейін арттырады.