15.08.2022

ЖШС «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг»

Пресс-релиз

12.08.22

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауыты шығарған «Арлан» машинасы туралы интернетте пайда болған хабарларға байланысты түсініктеме:

2019 жылы Ресейдің ұлттық ұланымен келісім бойынша бір «Арлан» құрышталған көлік барлық халықаралық және отандық экспорт ережелерін бойынша, әскери сынақтарға Ресейге берілген. Ресейлік қызметтермен және департаменттермен одан әрі ынтымақтастық жалғастырылған жоқ.

Жеке авторлар мен шетелдік ресурстар ұсынған ақпарат ресми расталмаған, қоғамдық пікірді манипуляциялау әрекеті болып табылады. Кеңес Рақышев пен Иманғали Тасмағамбетовтің кәсіпорынға еш қатысы жоқ, бұл барлық заңды құжаттармен расталған.

Қазақстан әскерінің құрамында бес жылдан астам қызмет етіп келе жатқан отандық құрышталған көлікке қара күйе жағу, кәсіпорынның және жалпы Қазақстанның беделіне нұқсан келтіреді.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытының өнімдері армиямыздың әскери қызметшілері арасында танымал. «Барыс 8х8» жаңа үлгісін бірнеше сынақ кезеңінен өткен комиссия Қазақстан Қарулы Күштерінде қолданысқа енгізуге ұсынды.

Біз мұндай ақпараттардың авторларына ең алдымен түпдеректерді іздеу,  мемлекеттік органдар дәлел ақпарат сұрау, әсіресе интернеттегі күмәнді ақпаратқа сенбеуді ұсынамыз.

Анықтама үшін:

Құрышталған көлік жеке және заңды тұлғаларға сатылмайды. Машиналар тек пайдалануға тиісті рұқсаттары бар мемлекеттік органдарға ғана сатылады.

Әрбір келісім-шартты Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдары бекітеді және экспорттық лицензиямен, сондай-ақ басқа да міндетті құжаттармен және рәсімдермен беріледі.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС (KPE - Kazakhstan Paramount Engineering) MRAP  (ол жоғары оңтайлық, экипаж бен әскерлерді миналар және торуыл шабуылдан қорғайтын) технологиясын қолданатын құрышталған көліктерді шығару бойынша бірлескен кәсіпорын (Қазақстан Республикасы/Оңтүстік Африка). Өндіріс технологиясы толығымен Қазақстанға тиесілі. Зауыттың қуатты - жылына 300 құрышталған көлік құрайды.