Kazakhstan Paramount Engineering «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясына ие болды.
Біз үшін бұл марапат қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмысымыздың мойындалуы болып табылады. Кәсіпорын жұмыс істеп келе жатқан 11 жыл ішінде өндірістік жарақаттанудың бірде-бір жағдайына жол берген жоқпыз.
KPE-де еңбекті қорғау қызметі жұмыс істейді. Қауіпсіздік үдерістері үнемі жетілдіріліп, заманауи технологиялар мен жабдықтар енгізілуде. Сонымен қатар қызметкерлер арасында қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлеміз.
«Біз бұл байқауға алғаш рет қатысып, бірден жоғары бағаға ие болдық. Бұл біздің дұрыс бағытта келе жатқанымызды тағы бір мәрте дәлелдейді», – деді қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші Нұрлан Жақыпбеков.
Біздің команда үшін бұл номинация – атқарылған жұмыстың мойындалуы ғана емес, сонымен қатар әрі қарай дамуға және жаңа нәтижелерге ұмтылуға беретін ынталандыру.