Қазақстандық «Арлан» броньды көліктері ШҚО аяғы ауыр әйелді құтқарды

13.02.2017

09 ақпан 2017 жылы, Шығыс Қазақстан облысында Семей қаласының маңында өте қатты бораннан барлық бағыттар бойынша жолдар жабық болып, Төтенше жағдайлар Комитетінің (ТЖК) көлігі қаладан 60 км жерде орналасқан Күшікбай ауылына қалың қарды жарып өте алмайды. Осы бекеттен жедел түрде аяғы ауыр босанатын әйелді құтқарып, ауруханаға жеткізу керек болатын. ТЖК мамандары осы маңда отандық «Арлан» броньды дөңгелекті машинасына тәжірибелік-әскери сынақ өткізіп жатқан әскери қызметкерлерді көмекке шақырады.

Арландар арнайы техника мен ТЖК көліктері жүре алмаған жерден аязды күні омбы қарды жарып өтіп, босанғалы тұрған әйел мен басқа да адамдарды қалың қардың құрсауынан құтқарып, ТЖК мамандарының қолына тапсырды.

Құтқарылған әйелдің туыстары, егер ұл бала туылса, броньды көліктің құрметіне атын Арлан деп қоямыз деп уәде берді.

Ақпарат ретінде:

«Арлан» – MRAP (mine resistant ambush protected – мина қопарылысы мен торуыл шабылуынан қорғаныс) түріндегі минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар көпмақсаттағы броньды дөңгелекті машина. Аталған типтегі машиналар биік клиренсті, V-бейнелі түпті болып келеді, ол жарықшаққа қарсы тұруға және жарылыс энергиясын әлсіретуге мүмкіндік береді.

 «Арлан» STANAG 3b деңгейіндегі жоғарғы қорғанысқа ие. Жарылыс қорғанысы корпустың және кез-келген дөңгелектің астында 8 кг тротилды баламаға, бір бүйірінен 5 м қашықтықта 50 кг тротильді эквивалентке тең.

Баллистикалық қорғанысы НАТО-ның STANAG 4569 стандартының 3 деңгейіне сәйкес.

Машина құрыш бұзар 7,62 миллиметр калибріндегі оғына, Драгуновтың мерген винтовкасына, НАТО стандартындағы 12,7 калибріндегі патронына және кез-келген ату қаруына төзеді.

 Машинаның әскери салмағы 16 тоннаны құрайды;

- машина экипажы 2+8 адам;

- сағатына 100 километрге дейін жылдамдығын арттырады;

- жүріс қоры – 700 км.

 

- 285 аттың күші бар дизельді қозғалтқыш;

- 5 сатылы автоматты ауыспалы беріліс қорабы;

- климатты бақылау жүйесі;

- сыртқы және ішкі байланыс радиостанциясы орнатылған.

«Арлан» -50⁰С-тан +50⁰С температурасына дейінгі қатаң климат жағдайында пайдалануға толығымен бейімделген.