Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді

17.02.2017

Бүгін, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин броньды дөңгелекті көлік шығаратын зауыттың қызметімен танысты.

Сапар кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары өндірістің барлық технологиялық барысын: металды лазерлік пішу бөлімін, плазмалы және гидрообразивті кесу, броньды болатты иіу, броньды капсуланы дәнекерлеу, бояу және броньды көлікті жинау цехін көріп шықты.

 

         Барлық бөлімдермен, сондай-ақ дайын «Арлан» БДМ және «Барыс 8х8» БТР танысып шыққан Асқар Мамин зауыттың жұмысына жоғары баға беріп, отандық өндірісті бұдан әрі арттырып, сонымен қатар, жақын және алыс шет елге өнімді экспортқа жіберу қажеттігін баса айтты.

         Атап айту керек, бүгінде зауытта инженерлік-техникалық құрам толығымен қалыптасып, тапсырыс берушілердің талаптарын толықтай орындау мақсатында конструкторлық бюросы құрылған.

Анықтама:

«Арлан» броньды көліктерінің алғашқы тобы еліміздің Қарулы Күштеріне 2016 жылы жеткізілген болатын. Машиналарды тиімді пайдалануды қаматамасыз ету үшін жеке құрам оқутудан өтті.

 

Қазақстанның Қарулы Күштерінде Құрлықтағы әскерлерді қаруландыруға арналған өнеркәсіптің «Арлан» броньды дөңгелекті машинасына тәжірибелі әскери пайдалану жүргізілініп жатыр. 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі