РФ ҚӨК өкілдері «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді

02.03.2017

Бүгін, әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша Федералды қызмет директорының орынбасары В.Н. Дрожжовтың басшылығымен Ресей Федерациясының қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өкілдерінен тұратын делегация «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді. Ресей делегациясы броньды дөңгелекті көлік шығаратын зауыттың қызметімен танысты.

Сапар кезінде ӘТЫ ФҚ өкілдері өндірістің барлық технологиялық барысын: металды лазерлік пішу бөлімін, плазмалы және гидрообразивті кесу, броньды болатты иіу, броньды капсуланы дәнекерлеу, бояу және броньды көлікті жинау цехтерін көріп шықты.

Сонымен қатар, тараптар қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі екіжақты ынтымақтастық пен әрі қарай дамыту сұрақтарын талқылады.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі