Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді

07.04.2017

Бүгін, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Виктор Махмудов бастаған Өзбекстан Республикасының делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді. Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов меймандарды зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырып, өнеркәсіптің даму келешегін баяндап берді

Сапар кезінде Өзбекстан Республикасының қауіпсіздік Кеңесінің өкілдері броньды дөңгелекті машинаның заманауи өндірісімен танысты. Делегация зауыттың өндірістік деңгейінің жабдықталуына және кәсіпорын шығарып отырған броньды техниканың басымдылығына жоғары баға берді.

 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі