«Арлан» броньды дөңгелекті машиналары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты

07.05.2017

Бүгін, 2017 жылғы 7 мамырда Елордадағы Тәуелсіздік алаңында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтті. Әскери парадты Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

2017 жылғы әскери парад қазақстандық армияның әскер түрлері мен тектерінің ең ірі маршы.барлық өлшем бойынша бұдан бұрын өткізілген әскерлер парадынан асып түсіп, өзінің ауқымдығы бойынша маңызды мерейтойлық күнге толық көлемде сай болды.

Астанадағы Тәуелсіздің алыңында салтанатты маршпен шамамен 26 жаяу әскер парадтық есептоп құрамында 5000-нан аса әскери қызметші адымдап өтті. 300-ге жуық бірлік әскери техника мен қару-жарақтың замануи үлгілері механикаландырылған лектің қарқындылығын паш етті. Қазақстандық авиацияның қуаты мен жауынгерлік әзірлігін көк аспанда Әуе қорғанысы күштерінің 70-ке жуық бірлік авиациялық техникасы көрсетті. Бұл ретте қазақстандықтар алғаш рет 2016-2017 жылдары әскеріміздің жауынгерлік арсеналын толтырған отандық және шетелдік өндірістің су жаңа әскери техникасын, қару-жарақтыңжаңа үлгілерін өз көздерімен тамашалауға мүмкіндік алды.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС өнімі «Арлан» броньды дөңгелекті машинасы алғаш рет әскери парадқа қатысты.

«Арландар» былтырғы жылы Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімшелеріне жеткізілген болатын.

 «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі