Балалар – біздің болашағымыз

22.05.2017

Бүгін, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Астана қаласының №1 мектеп-лицейінің 2-ші сынып оқушыларына «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында өндірістік экскурсия өткізілді.

Балалар броньды дөңгелекті машина өндірісімен: металды кесу, ию, броневикті қалай құрастырып, тестілейтінімен танысты, балаларға «Арлан» броньды машинасы айрықша қызығушылық туғызды.

«Маған экскурсия және машиналар қатты ұнады. Өскенде инженер болып, ұшатын әскери машинаны құрастырып шығамын», - деп сегіз жасар Назар өз әсерімен бөлісті.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі