Шет елдердің дипломатиялық корпус Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі экспорттық әлеуетімен танысты

22.05.2017

Бүгін, ағымдағы жылдың 25 мамырында Қазақстан республикасының Сыртқы Істер министрлігінде дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің экспорттық әлеуеті туралы және шет елдік серіктестермен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктеріне хабардар ету мақсатымен брифинг өтті.

Аталған шараға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, сонымен қатаротапндық қорғаныс өнеркәсібікешенінің басшылары қатысты.

Б. Атамқұлов «Бүгінгі күні Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің біздің елдің экономикасында белгілі бір тауашаны алатын, қазақстандық әскери техниканың заманауи үлгілері бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейі болып табылатын айтарлықтай экспорттық әлеуеті бар. Қазіргі уақытта республикада заманауи ғарыш инфрақұрылымы, байланыс және телекоммуникация қызметтерін көрсетуге, сондай-ақ жер бетінің ғарыштық мониторингінің суреттерін көрсетуге қабілетті байланыс және Жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктік жүйесі құрылғанын» атап өтті

Брифинг барысында дипломатиялық корпус өкілдерінің алдында өздерінің Қазақстандық ғарыш жобаларының дамуы және Елдің қорғансы-өнеркәсібі кешенінің әлеуеті жөніндегі тақырыпта өздерінің есептерімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Марат Нұрғожин, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Вадим Шакшакбаев, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Тарык Зия Кабоглу, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ербол Салимов, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» ЖШС Бас директоры Алибек Сұлтанғазы, «Ғалам» ЖШС Техникалық директоры Жан-Франсуа Монье сөз сөйледі.

Кездесуге қатысушылар өздерінің сөз сөйлеулері барысында ҚӨК саласындағы отандық жобалардың әлеуеті және ғарыш қызметі: бронды доңғалақты машиналар, ірі калибрлі пулеметтер және әскери және екіұдай мақсаттағы басқа да өнімдер шығару туралы айтты, сонымен қатар заманауи ғарыш инфрақұрылымының, «KazSat» және «KazEOSat» сериясының Жерді қашықтықтан зондтаудың спутниктік байланыс жүйесінің жұмысы, Астана қаласында болашақ ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешенінің қызмет көрсетуі таныстырылды.

Айта кету керек, кездесу аясында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен ғарыш қызметі саласындағы және Республиканың ӘӨК жетістіктері көрсетілген көрме ұйымдастырылды.

Брифинг қорытындысы бойынша «сұрақ-жауап» форматындағы пікірталас өтті, оның барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшылығымен және ведомствоға бағынысыты ұйымдармен дипломатиялық корпус өкілдерінен келіп түскен барлық сұрақтарға толық және түбегейлі түрде жауап берілді

«Біздің министрлік ашық диалогқа және өзара тиімді серіктестіктік қатынастарға дайын. Мүдделі тараптармен біз одан әрі ынтымақтастықты егжей-тегжейлі түрде нақты қызықтыратын жобалар бойынша ұйымдастыруға дайынбыз», - деді министр.

Шет мемлекеттердің дипломаттары өздерінің Қазақстандық ӘӨК өнімінің экспортын дамытуға және Қазақстанның ғарыш кәсіпорындарының қызметін, сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласына инвестициялар тарту жөнінде өзара белсенді ниетін білдірді.

2016 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылғанын ескертеміз, Министрлік қызметінің негізгі бағыттары болып қорғаныс, аэроғарыш, электронды өнеркәсіп және киберқауіпсіздік, ұтымды дайындық және жұмылдыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру белгіленген. ҚР ҚАӨМ функциясына әскери-техникалық саясатқа қатысу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылық жасау кіреді.

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі