Өзбекстан Республикасының қорғаныс Министрі «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді

08.06.2017

Бүгін Өзбекстан Республикасының қорғаныс Министрі генерал-полковник Кабул Бердиев бастаған делегация «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді.

Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов Министр мен меймандарға зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырып, өнеркәсіптің даму келешегін баяндап берді.

Өзбекстан Республикасының қорғаныс Министрі зауыттың өндірістік жабдықталу деңгейіне және кәсіпорын шығарып отырған «Арлан» және «Барыс 8х8»броньды техникаларына жоғары баға беріп, ынтымақтастыққа мүдделі екендігін жеткізді.                           

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі