ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары М. Әшімбаев пен Б. Ертаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытының қызметімен танысты

05.07.2017

Бүгін Мәулен Әшімбаев – ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Бақытжан Ертаев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты броньды дөңгелекті техника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қызметімен танысты.

Компанияның бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарды зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырып, кәсіпорынның одан әрі дамуы мақсатындағы жоспарларымен бөлісті.

М.Әшімбаев ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешенін қолдау және дамытуға аса назар аудару қажеттігіне тоқталды. Ал, өз кезегінде Б. Ертаев зауыттың жабдықталу деңгейі мен зауыт шығарып отырған броньды техникалардың сапасына жоғары баға берді.

Анықтама

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар MRAP үлгісіндегі заманауи броньды дөңгелекті машина өндіретін алғашқы зауыт. Кәсіпорын «Арлан» БДМ, «Номад» БДМ және «6х6», «8х8» дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР сияқты броньды техниканы шығарады. Аталған машиналар өз классындағы әлемдегі ең үздік болып саналады.

2016 жылдың желтоқсан айында зауыт өзінің өнімімен қазақстандық армияны қаруландыруға бағытталған «Арлан» броньды дөңгелекті машинасын жеткізу бойынша келісім-шартын табысты орындады.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі