ОАР Қазақстандағы елшісі К. Мэттьюс «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС келді

11.07.2017

Бүгін Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қызметімен танысты.

Зауытқа келу барысында Мэттьюс ханым зауыттың өндірістік мүмкіндіктерімен танысып, броньды дөңгелекті техника өндірісінің технологиясына жоғары баға берді. 

«Екі ел арасында қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы серіктестік қатынас орнағанына қуаныштымын. ОАР Қазақстанмен ынтымақтастыққа ынталы», - деп атап өтті елші.

Оңтүстік африкалық «Paramount Group» компаниясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС акционері екендігін еске саламыз.  

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар MRAP үлгісіндегі заманауи броньды дөңгелекті машина өндіретін алғашқы зауыт. Кәсіпорын «Арлан» БДМ, «Номад» БДМ және «6х6», «8х8» дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР сияқты броньды техниканы шығарады. Аталған машиналар өз классындағы әлемдегі ең үздік болып саналады.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі