Халықаралық Нельсон Мандела күні аясында қазақстандық балаларға көмек көрсетілді

20.07.2017

Бүгін қазақстандық броньды дөңгелекті машина шығаратын зауыт –  «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан 15 балаға рюкзактар мен мектепке керек-жарақтар заттарды сыйлап  қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция Нельсон Манделаның туған күніне «MANDELA DAY» арналды.

«Сізде өзгеге көмек қолын созғанға 67 минут уақытыңыз бар ма?», - деп сұраған оңтүстік африканың көшбасшысы. Оның үндеуіне БҰҰ қосылып, әрбір адамды осы күні 67 минут уақытын қоғамға қажетті іспен айналысуға шақырды. Балаға қамқорлық жасауға, ашыққандарды тамақтандыруға, қоршаған ортаны күтуге және емханалар мен жергілікті әлеуметтік орталықтарға өз еркімен көмек қолын созуға үндеді.

Бүгінгі Нельсон Манделаның туған күнін тойлауға Астанадағы Оңтүстік Африка Республикасы Елшілігінің делегациясы қатысты. «2009 жылдың қарашасында БҰҰ Бас ассамблеясы бекіткен Халықаралық Нельсон Мандела (Nelson Mandela International Day) күні Оңтүстік Африканың бұрынғы президентінің бейбітшілік пен бостандық істеріне қосқан үлесі үшін жыл сайын 18 шілдеде тойланады. Содан бері біз әр елде осы тамаша мерекені тойлаудамыз. Мен барлықтарыңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін», - деді балалар мен зауыт қызметкерлерінің алдында сөз алған Қазақстандағы ОАР Елшісі Кийтуметци Сийпело Тандека Мэттьюс.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Бас директоры Ербол Сәлімов өз кезегінде «Нельсон Мандела 27 жыл түрмеде отырса да өзінің көзқарастары мен армандарынан бас тартқан жоқ. Бұл  адам білімнің тұлға болып қалыптасудағы ең ұлы құрал екенін дәлелдеп шықты. Дәл осы білімнің арқасында шаруаның қызы дәрігер, шахтердың ұлы шахтаның басшысы, жалшының ұлы алып мемлекеттің президенті бола алатынын көрсетті», деп атап өтті.

«Нұр әлем Қазақстан» қайырымдылық қорының желісімен шақырылған ұлдар мен қыздар бұл мереке күні Мэттьюс ханым және Е. Сәлімовпен бірге жас алма отырғызып, билеп, осы алыс елден келген әртістердің орындауындағы африкалық әндерді тыңдады. Олар «Арлан» броньды дөңгелекті машинасы мен «Барыс 8х8» бронетранспортерінің жанында суретке түсіп, тіпті броньды техниканың рөліне отырып көрді. Ең бастысы – осы күнге еске түсіру мақсатында қуана-қуана болашақ «Арлан» броньды машинасының капсуласына өз қолдарының ізін қалдырды.   

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі

+7 7172 72 91 11, ішкі 104