Бақытжан Сағынтаев еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС және «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС нысандарын аралап, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жұмысымен танысты.

Орталық Азиядағы заманауи брондалған дөңгелекті машиналар шығаратын ең ірі кәсіпорын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ін аралау барысында Бақытжан Сағынтаевқа жаңа инновациялық технологиялар қолданумен шығарылатын өнімдердің үлгілері көрсетілді.

«Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» нысанында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа электронды және электронды-оптикалық өнімдер өндірісі таныстырылды.

Дереккөз: Primeminister.kz