"Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" ЖШС «Алан» БДМ-нің бірінші партиясынын шығарды

04.12.2017

"ҚПИ" ЖШС-гі "Алан" броньды дөңгелекті машина (бұдан әрі - БДМ) өндіруін игерді.

11 адамға арналған бірегей жабдықталған «Алан» БДМ-нің корпусы STANAG 4569 стандартының 3 деңгейдегі қорғаныс талаптарына сай. Жеңіл композициялық материалдар броньда пайдаланылатын қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді, бұл машина салмағына және броньдалған машинаның жұмыс сипаттамаларына әсер етпейді.

«Алан» БДМ-сы әртүрлі конфигурациялармен қамтамасыз етілуі мүмкін: барлау машинасы, командалық-штабтық көлік, түрлі қарулы арнайы реакциялық күш машинасы.

«Алан» БДМ-нің бірінші партиясы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының тапсырысы бойынша табысты орындалды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі