Кувейт мемлекетінің қорғаныс Министрлігінің делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында болды

05.02.2018

2018 жылдың 5 ақпан айында құрылықтағы комитеті басшысы полковник Бандар Аль-Шаммари бастаған делегация «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді.

Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға «Алан», «Арлан», «Барыс 6х6» және «Барыс 8х8» броньды дөңгелекті машиналарын өндіру технологиясымен таныстырып және броньды техниканың артықшылықтарын баяндап берді.

Кувейт жағы компанияның өндірістік әлеуетін жоғары бағалап, қазақстандық кәсіпорынмен жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі