А. Тасболатов «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті

05.04.2018

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов броньды дөңгелекті машина шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында болды. А. Тасболатов кәсіпорынның қызметімен, сондай-ақ әр цехтің жұмыс барысымен танысты. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетінің мүшесі кәсіпорын өндіріп отырған «Арлан», «Алан» БДМ және 8х8, 6х6 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР-іне жоғары баға берді. Сондай-ақ, депутат мемлекет тарапынан әскери кәсіпорындарды заң шеңберінде қолдау қажеттігіне тоқталды. 

А.Тасболатов зауыттың еңбек ұжымымен кездесу кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіндегі басты бағыттарды түсіндірді.  

Депутат ұсынылған қадамдардың уақтылы, өзекті және нақтылығын баса айтты. Бастаманың орындалуы экономиканың әр саласына: тұрғын-үй нарығының өсуіне, құрылыстық серпіліске, жаңа жұмыс орындарының ашылуына күшті әсер етпек. Сонымен қатар, барлық индикторлар мен бастаманың көрсеткіштері толығымен пысықталған және нақтылы нәтиже көрсететін болады деп атап өтті. Кездесу кезінде депутат барлық туыналған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.       

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы заманауи броньды дөңгелекті машина шығаратын ірі, бірегей және инновациялық кәсіпорын болып табылады. Зауыт ашылғаннан бері Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және еліміздің басқа да әлеуетті құрылымдарының тапсырмаларын орындап келеді. 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі