«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС – Орталық Азиядағы заманауи броньды дөңгелекті машина шығаратын ең ірі кәсіпорын.
Кәсіпорын броньды техниканың төмендегі түрлерін шығарады:
- 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Арлан» БДМ;
- 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Алан» БДМ;
- 4х4 дөңгелекті формуласындағы «Номад» БДМ;
- 6х6, сонда й-ақ 8х8 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР-і;
Кәсіпорын күшейтілген минаға қарсы MRAP үлгісіндегі броньды машиналар шығаруға мүмкіндік беретін инновациялық технологияға ие.
Зауыт аумағы 13 500 шаршы метрді құрайды.
Кәсіпорынның жоғары технологиялы қондырғылары жұмыстың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Зауыттың өндіру күші – жылына 120 машина.
Зауыттың басты құндылығы – техникалық бағыттағы жоғары білікті мамандары.