Оқушылар заманауи бронетехниканың қалай жасалатынын өз көздерімен көрді — сызбадан бастап бояуға дейінгі барлық кезеңдермен танысты. Олар «Арлан», «Алан» және «Барыс» үлгісіндегі құрышталған көліктерді құрастыратын цехтарды аралап, жұмыс үстіндегі конструкторлық бюроны көріп, инженерлермен жүздесті. Инженерлер робототехника мен машинажасауға қызығушылық танытқан жас қонақтардың сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ оларға әскери көліктердің жауынгерлік тапсырма орындау барысындағы мүмкіндіктері таныстырылды. Балалар көлікке мініп, атыс қаруларын ұстап көрді.
«Жастардың біздің жұмысымызға қызығушылық танытып жатқаны бізді қуантады. Мүмкін, бұл оқушылардың арасында еліміздің қорғаныс өнеркәсібін дамытатын болашақ инженерлер мен конструкторлар бар шығар», — деп атап өтті зауыттың ғылыми қызметкері Арғын Қайдар.
Мұндай кездесулер ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, шабыт сыйлайды. Бүгінгі өнертапқыштар мен болашаққа қол созған шәкірттер арасындағы көпір бола алады.