Қазақстан полициясы күніне орай Астанада бұрын-соңды болмаған күш көрсетілімі өтпек.
Полиция подполковнигі Бауыржан Камалиев салмағы 24 тонна болатын Terrex Barys 8×8 амфибиялық броньды әскери техникасын орнынан қозғап, жаңа әлемдік рекорд орнатуға талпынады.
Рекордты тіркеу әрекетін ресми түрде GLOBAL BOOK of RECORDS (GBR) ұйымының бас тіркеуші офицері Қуандық Құдайбергенов тіркейді.
Іс-шара еліміздің құқық қорғау органдарының ерік-жігерін, отансүйгіштігін және отандық әскери өндірістің дамуын паш етеді.
Ерекше рекордтың куәгері болғысы келетін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін іс-шараға құрметпен шақырамыз.
Бұл — ел тарихында алғаш рет өтетін бірегей күш сынағы. Батырлық пен техникалық жетістіктің тоғысқан сәтін бірге тамашалауға шақырамыз!
Өтетін күні мен уақыты:
20 маусым 2024 жыл
Басталуы: 11:00-де
Мекенжайы:
Астана қаласы, Бұйрат көшесі, 20