«Арлан» – MRAP (mine resistant ambush protected – мина қопарылысы мен торуыл шабылуынан қорғаныс) түріндегі минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар көпмақсаттағы броньды дөңгелекті машина.
Аталған типтегі машиналар биік клиренсті, V-бейнелі түпті болып келеді, ол жарықшаққа қарсы тұруға және жарылыс энергиясын әлсіретуге мүмкіндік береді.
«Арлан» STANAG 3А және 3 B деңгейіндегі жоғарғы қорғанысқа ие. Жарылыс қорғанысы корпустың және кез-келген дөңгелек астында 8 кг тротильді баламаға, бір бүйірінен 5 м қашықтықта 50 кг тротильді эквивалентке тең.
Машина құрыш бұзар 7,62 миллиметр калибріндегі оғына, Драгуновтың мерген винтовкасына, НАТО стандартындағы 12,7 калибріндегі патронына және кез-келген ату қаруына төзеді.