ҰҚШҰ қорғаныс министрлерінің Кеңесі жанындағы әскери комитетінің делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытында болды

12.04.2018

Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының қорғаныс министрлерінің Кеңесі жанындағы әскери комитетінің ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС кәсіпорынында болды.

Армения, Белорусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери ведомстваларының өкілдері зауыттың қызметімен және өндірістік қуатымен танысып шықты. Қонақтарға зауыт шығарып отырған броньды машиналардың барлық түрі: «Арлан», «Алан», 6х6, 8х8 дөңгелекті формуласындағы «Барыс» броньды дөңгелекті машиналары көрсетілді.

Анықтама:

ҰҚШҰ Әскери комитеті ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Кеңесінің шешімі бойынша 2012 жылдың 19 желтоқсанында жоспарлау мәселелерін жедел қарау, ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымының күшін және жүйе құралдарын қолдану және дамыту, сонымен қатар ҚМК қажетті ұсыныстарды дайындау мақсатында құрылған. ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет кіреді: Армения Республикасы, Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы.    

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі