«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қызметкерлері мұқтаж жандарға арнап қан тапсырды

28.04.2018

Бүгін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қызметкерлері Астана қаласының Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының көшпелі бригадасымен бірігіп ерікті қан тапсыру акциясын жүргізді.

Компания Бас директоры Ербол Сәлімовтың айтуы бойынша кәсіпорын қызметкерлерінің өздері донорлық акция өткізуге ерік білдірген.

«Донорлық – бұл ең біріншіден біздің азаматтық борышымыз және адам өмірін сақтап қалуға өз үлесімізді қосу мүмкіндігі. Әрине, бұл идеяны мен қолдаймын», - деп атап өтті ол.  

Қан тапсыру шарасына 50-ден астам кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Олардың кейбіреуінде өте сирек кездесетін қан топтары болса, көбінің ұзақ жылдар бойына донорлық өтілі бар.  

«Аталмыш акцияны қолдауымның себебі, бір рет донор болып, біз үш адамның өмірін сақтап қаламыз. Менде қан тапсырудан тәжірибем мол, сондықтан жылына бірнеше рет көптеген адамның өмірін қорғап қалатын осындай игі іс жасауға тырысамын», - деп айтты кәсіпорын қызметкері Арман Сұлтанов.

Ерікті қан тапсыру акциясы Астананың 20-жылдық мерейтойына және ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігі өткізгелі отырған V-ші «KADEX-2018» Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне арнайы ұйымдастырылып отыр.

Көрме Астана қаласының Халықаралық әуежайының әскери алаңында 2018 жылдың 23-ші және 26-шы мамыры аралығында өтеді. 

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азия аумағындағы броньды дөңгелекті машина шығаратын ауқымды, бірегей және инновациялық кәсіпорын болып табылады. Зауыт ашылғаннан бері Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігі және басқа да еліміздің әлеуетті мекемелерінің мемлекеттік тапсырыстарын орындап келеді.