ҚАЗАҚСТАН ПАРАМАУНТ ИНЖИНИРИНГ (ҚПИ) АУҚЫМЫ МЕН АЯСЫН КЕҢЕЙТУДЕ

21.09.2018

Ұлттық индустрияландырудың Жаһандық жеткізілім тізбегінің алдыңғы қатарында жеткізушінің жердегі, теңіз және әуе кеңістігіндегі жоспарлы аймақтық шешімдері

21 қыркүйек, 2018, Йоханнесбург - Еуразиялық ұлт Қазақстандағы өндірістік әлеуетті одан әрі дамытуды қалайтын, Африкада орналасқан ғаламдық қорғаныс және аэроғарыштық бизнес Парамаунт Груп (Paramount Group) және оның еншілес кәсіпорны Қазақстан Парамаунт Инжиниринг (Kazakhstan Paramount Engineering (KPE)), ҚПИ-ды кеңейтуде ынтымақтастықты одан әрі жер, теңіз және әуе желілеріне шығару туралы мақтанышпен жариялады. 2018 жылы Африка Аэроғарыш және қорғаныс көрмесінде (ААҚ) өткізілген және ПАРАМАУНТ ГРУП (Paramount Group) нысандарының ауқымды экскурсияларынан кейін жарияланған мәлімдеме, серіктестікте берілген міндеттемеден басқа, ҚПИ-ның ұшқышсыз әуе көліктерін (ҰӘК), Төртінші Индустриялық революцияға негізделген әуе кемелері платформалары мен әскери-көлік құралдарының өндірісі, брендті динамикалық табысқа жетелеген портативті өндіріс моделін кеңейту мысалдарын қамтиды.

Қазақстан Парамаунт Инжиниринг (Kazakhstan Paramount Engineering (KPE)), бүгінгі таңда әлемдегі ең ірі және заманауи бронетехниканың біріне ие. Зауыт бастапқыда Қазақстан мен оның айналасындағы елдердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылған; алайда, объект, сапасы мен тиімділігімен ерекшеленді.

ПАРАМАУНТ ГРУП (Paramount Group) компаниясының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы Айвор Ичикоуиц: «Біз ҚПИ қуатын одан әрі инвестициялау мүмкіндігіне үміттіміз, еліміздегі өндірістің керемет жетістіктеріне негізделіп, жеткізушілерге жаһандық жеткізіп беру желісін аяқтадық жаңа технологияларды дамытуда және Қазақ ұлтының үздіксіз индустрияландыруы мен дамуындағы рөлімізді ойнаудамыз».

Қазіргі уақытта бұл елдегі тұрақты индустрияландыруға байланысты портативті өндіріс материалын одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» (ҚПИ) Қадағалау Кеңесінің жетекшісі Айбек Барысов: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг компаниясының (ҚПИ) ғаламдық қорғаныс және қауіпсіздік саласында маңызды ойыншы болып табылатын ПАРАМАУНТ ГРУП компаниясымен ынтымақтасуы компанияның артықшылығы болып табылады. ҚПИ брендін құруда қол жеткізген үлгілі жұмыстарды айтудан басқа, біздің табысқа жету тарихымыз, болашақта Қазақстандағы салааралық инвестициялық мүмкіндіктерге жеткізеді деп үміттенеміз. Біз сондай-ақ ПАРАМАУНТ ГРУП компаниясымен жаһандық жеткізілім тізбегіне ену үшін жоғары сапа стандарттарына және өнімділікке қол жеткізгенімізді мақтан тұтамыз».

Парамаунт Груп туралы

Парамаунт Груп (Paramount Group) - Африканың ең ірі жекеменшік қорғаныс және аэроғарыштық бизнесі. Қорғаныс және қауіпсіздік инновацияларының көшбасшысы болып табылады және бүкіл әлемдегі тәуелсіз үкіметтерге сенімді серіктес болып табылады, сонымен қатар, бітімгершілік миссияларға қолдау көрсетуді қоса алғанда, өнімдерді, қызметтерді және кеңес беруді қамтамасыз етеді. Қосымша ақпарат алу үшін www.paramountgroup.com сайтына кіріңіз және Twitter-дегі бізді іздеңіз.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» (ҚПИ) Парамаунт Груп (Paramount Group) пен Қазақстан арасындағы бірлескен кәсіпорын болып табылады.