Сенаторлар қазақстандық кәсіпорынның жұмысы мен экспорттық әлеуетін жоғары бағалады.

07.03.2019

Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет өкілдері оның Төрағасы Назарбаева Дариға Нұрсұлтанқызының басшылығымен еліміздің қорғаныс өнеркәсібінің флагмандарының бірі - “Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” құрышпен қапталған техниканы өндіру жөніндегі машина жасау кәсіпорнына барып қайтты.

Депутаттар өндірістік желімен танысты және бұрауышпен құрастыру емес, кузов құрудан бастап дайын өнім шығарумен аяқталатын, “құрышпен қапталған табақпен” қазіргі заманға сай күрделі техника өндіріліп жатқанына көз жеткізе алды.

Сондай-ақ, кәсіпорынның жоғары технологиялық мүмкіндіктері , соның ішінде Конструкторлық бюроның жұмысы көрсетілді, оның арқасында әрбір шығарылатын машина қысқа уақытта кез-келген тапсырыс берушінің ерекше талаптарына бейімделе алады.

2015 жылғы 20 қарашада Республиканың Президентімен ашылған зауыт әскер мен арнайы бөлімшелердің қажеттіліктеріне MRAP озық технологиясы бойынша  (ағылш. mine resistant ambush protected) тротил баламасындағы күші 10 кг-ға дейінгі жарылысқа төзімді, баллистикалық қорғанысы жоғары және тосқауылдан шабуылға тойтарыс бере алатын машиналар өндіреді.

Кәсіпорын бірегей технологияны қолдана отырып және біліктілігі жоғары инженерлік және жұмысшылар құрамына ие бола отырып, өз өнімін отандық қорғаныс ведомстволары мен әлеуметтік операция құрылымдарына ғана емес, сондай-ақ халықаралық Парамаунт Групптың Ғаламдық жеткізілімдер желісі арқылы да жеткізеді, бұл үлкен экспорттық әлеует үшін негіз болды.

99% Қазақстан азаматы болып табылатын, тиісті кәсіби дайындақтан өткен және шетелде оқыған (соның ішінде Болашақ мемлекеттік бағдарламасы бойынша) кәсіпорынның ұжымы 200 адамды құрайды.

Зауыт жұмысын бастағаннан бері тапсырыс берушілерге «4х4” доңғалақтар формуласымен “Арлан” (ҚҚДМ) құрышпен қапталған доңғалақты машинаның және «4х4” доңғалақтар формуласымен “Алан” ҚҚДМ-ның өндірістік шығарылымын жолға салды.

2018 жылдың соңында ҚР Қорғаныс Министрлігі үшін «6х6» доңғалақтар формуласымен “Барыс 6х6” бронетранспортері демонстрациялық сынақтан өткізілді.

Қазіргі уақытта қашықтықтан автоматты роботпен басқарылатын 7.62 калибрлі пулеметі бар, 30 мм калибрлі зеңбірекпен қаруланған “Аңсар” отандық зерттеменің әскери модулін алып жүретін,  "8х8" доңғалақтар формуласымен БТР-дің зауыттық сыналуы басталды және демонстрациялық сынақтары жалғасады.

Кәсіпорынның таралу деңгейі 72%-ға жетті, бұл отандық тапсырыс беруші үшін бағаны төмендету және әлем нарығына сапасы бойынша бәсекелестердің бұйымдарынан асып түсетін өнімді шығару мүмкіндігін береді. Компания өз өнімін отандық тұтынушы үшін арзандату жұмысын тұрақты жүргізеді, осыған Қазақстан Парламентінің Мәжілісі жақында қабылдаған “Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы” заңжобасына Сенаттың түзетулері себепші болады.

“Қазақстан Парамаунт Инжиниринг” ЖШС-нің бас директоры Ербол Салимов мәлімдегендей, компания отандық тапсырыс берушілерге қойылатын талаптардың жоғарылауымен өз өнімінің коммерциялық құнын төмендетіп қана қоймай, сондай-ақ халықаралық қорғаныс өнімдерінің нарығында Қазақстанның беделін арттыру үшін өзінің өндірістік және технологиялық желісін кеңейтеді.