Ешкім де ешқашан ұмытылмайды …

04.05.2017

Бүгін, 04 мамырда «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне құрмет көрсету шарасы өтті.

Мерекелік шараға соғыс майдангері Мыңайдар Боранбаев және тыл еңбеккері Күлжауар Исенова қатысты.

Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС бас директорының орынбасары Көбей Жаңбыршы және басқа да зауыт өкілдері ардагерлерді Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтап, еңбектеріне, өмірдегі белсенді ұстанымдары үшін, сонымен қатар жастарды патриоттық тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін алғысын жеткізді.

Кәсіпорын ұжымы өз тарапынан мерекелік музыкалық бағдарлама дайындап, қонақтарға мықты денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

1943 жылы Мыңайдар Боранбаев 18 жасында Қостанай облысынан соғысқа аттанады. Жаяу әскер сапында атқыш-мерген болып беларусь майданын жүріп өтіп, «Ұлы Отан соғысы», «Құрмет белгісі» Ордендерімен және 28 медальмен, оның ішінде «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.», «За взятие Берлина», «За освобождение Белоруссии» медальдарымен наградталған. Соғыстан кейін Мыңайдар ата туған Қостанай өлкесіне келіп, жоғары білім алып, басшылық қызметтерді, соның ішінде мектеп және совхоз директоры, кәсіподақ төрағасы, партия қызметкері жұмыстарын атқарады. Қазір ол 16 немере, 7 шөбере тәрбиелеп отырған бақытты ата.

Күлжауар Исенова 15 жасынан бастап Омбы губерниясында жаралы жауынгерлерді күтед. «Күн сайын госпитальға ондаған жауынгерлерді әкелетін, оның ішінде немістер де бар болатын», деп есіне алады. Осындау ауыр қызметі үшін Күлжауар әже «Труженик тыла», «Ветеран труда», «За доблестный труд в ознаменовании 100-летия В.И. Ленина», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» медальдарымен наградталды. Бүгінгі күні әжеміз 7 бала-шағасынан 10-нан астам немере, 6 шөбере тәрбиелеп отыр.

 «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі