Германия машинақұрастыру Одағының өкілдері «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына келді

13.07.2017

Бүгін Германия машинақұрастыру Одағының өкілдері (VDMA) атқарушы директор Тило Бродтманның басшылығымен броньды дөңгелекті техника шығаратын зауыт – «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС қызметімен танысты.

Сапар кезінде VDMA өкілдері өндірістің барлық технологиялық барысын: металды лазерлік пішу бөлімін, плазмалы және гидрообразивті кесу, броньды болатты иіу, броньды капсуланы дәнекерлеу, бояу және броньды көлікті жинау цехтерін көріп шықты.

«Бізге кәсіпорын қатты ұнады. Компания қысқа мерзім ішінде зауытты салып, жоғары технологиялық өндірісті аяғына тұрғыза алды. Біз өте жақсы әсер алдық», - деді Т. Бродтманн. 

Анықтама:

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС Орталық Азиядағы минаға қарсы күшейтілген қорғанысы бар MRAP үлгісіндегі заманауи броньды дөңгелекті машина өндіретін алғашқы зауыт. Кәсіпорын «Арлан» БДМ, «Номад» БДМ және «6х6», «8х8» дөңгелекті формуласындағы «Барыс» БТР сияқты броньды техниканы шығарады. Аталған машиналар өз классындағы әлемдегі ең үздік болып саналады.

Германияның машинақұрастыру Одағы (VDMA) 3200 қатысушының басын біріктіретін Еуропадағы ірі өндірістік бірлестіктердің бірі болып саналады. Бірлестік инвестициялық тауар өндіретін орта бизнестің саяси және әлеуметтік мекемелерде, сонымен қатар экономика, ғылыми, мемлекеттік органдар мен БАҚ саласында кәсіпорындардың мүддесін қорғайды. 

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі