Түркменістан Республикасы қорғаныс Министрлігінің делегациясы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытында болды

12.12.2017

Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарымен танысу аясында Қазақстанға Түрікменстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы келді.

2017 жылдың 12 желтоқсанында қорғаныс Министрінің орынбасары подполковник Ширмат Бабаназаров бастаған делегация «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС зауытына келді.

Кәсіпорынның Бас директоры Ербол Сәлімов қонақтарға «Арлан», «Барыс 6х6» және «Барыс 8х8» броньды дөңгелекті машиналарын өндіру технологиясымен таныстырып және броньды техниканың артықшылықтарын баяндап берді.

Түрікмен жағы компанияның өндірістік әлеуетін жоғары бағалап, қазақстандық кәсіпорынмен жемісті ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі