16.07.2021

Қазақ компаниясы танктер шығаратын зауыт салуға дайын!

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» (ҚПИ) компаниясы – Орталық Азиядағы MRAP (ағылш. mine resistant ambush protected – миналардан және торуылдан жасалған шабуылдан қорғалған) технологиясы бойынша құрыштлған техника өндірісі технологиясын меңгерген бірден-бір компания, яғни бүгінгі таңда Қазақстан минаға қарсы қорғаудың озық технологиясына ие өңірдегі жалғыз ел болып табылады.

Бұл қазіргі заманғы ноу-хау әлемдік стандарттар мен НАТО стандарттарына сәйкес келетін технологиялардың Қазақстанға Алғашқы Трансфертінің мысалы және тәжірибесі болып табылады.

Бүгінгі таңда ҚПИ зауытында Қазақстан азаматтары болып табылатын 250-ден астам білікті мамандар еңбек етуде.

Кәсіпорын 5 жыл бойы еліміздің армиясы мен арнайы мақсаттағы күштері үшін жоғары дәрежелі құрышталған қорғаныс техникасын шығарып келеді. Кәсіпорынды оқшаулау 72%-ға жетті және өндіріс отандық жеткізуші компаниялардың 3000 қызметкерін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. ҚПИ Конструкторлық Бюросының құрамы мен техникалық жабдықталуы Тапсырыс берушінің талабы бойынша кез келген күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» отандық компаниясы халықаралық Парамаунт Групп (Paramount Group) жеткізілімдерінің жаһандық тізбегінің бір бөлігі болып табылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын өнімінің сапасын растайды.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы тиісті министрліктер мен ведомстволар қажеттілік туралы талап еткен жағдайда, ол жарты жыл ішінде заманауи шынжыр табанды құрышталған техниканы өндіретін жаңа зауыт салуға және машиналардың қажетті санын сапқа қосуға дайын екенін мәлімдейді.

Бұл үшін отандық өндіруші технологиялардың жаңа трансфертін жүзеге асыруға, өзінің Конструкторлық Бюросымен терең (70%-дан астам) оқшауландыру арқылы өндірісті ұйымдастыруға дайын.

Осылайша, бүкіл жобалау-техникалық құжаттама және әлемдік стандартқа сәйкес келетін шынжыр табанды құрышталған техника өндірісінің барлық технологиясы Қазақстанда орналастырылатын болады. Зияткерлік меншіктің Қазақстан Республикасына тиесілі болу фактісі елдің ұлттық қауіпсіздігін күшейтуге ықпал ететін болады.

Ел азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары ұйымдастырылады, әскери қызметшілер қазіргі заманғы техниканың жаңа үлгілерін алады және осының бәрі Қазақстанның қорғаныс қабілеттілігі мен экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясында өртті басқарудың автоматты жүйесін өндірудің өзіндік технологиясы бар, ол да отандық мамандардың әзірлемесі болып табылады және Қазақстан азаматтарымен толық бақыланады.

Компанияның өндірісіндегі барлық қолданыстағы технология толығымен Қазақстан азаматтарына тиесілі және барлық тиісті құжаттармен және зияткерлік меншікті қорғау жүйелерімен қорғалған.

Қазақстандық компания мен оның басшылығы ұлттық өндірісті дамытуға, елдегі дарынды азаматтарды қолдауға және технологиялар трансфертіне үміт арту еліміздің экономикалық тәуелсіздігі мен жоғары қорғаныс қабілетінің кепіліне айналатынына нық сенімді.