15.08.2024

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Офицерлер үйін қайта жөндеу жоспарлануда

Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы, кәсіпкер - отандық «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» зауытының бақылау кеңесінің төрағасы Айбек Барысовпен кездесті.

Оның қолдауымен әскери -тарихи мұражайындағы мрамор кешені жаңартылады.

Кешеннің бір бөлігі әскери басшыларды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне пайдаланылды. Енді қалған бөлігіне жаңа көрмелер мен үлкен LED экраны бар мәжіліс залы салынады.

Әскери даңқ мұражайында кеңестік әскери техника мен қару-жарақтың құнды әрі эксклюзивті экспонаттары бар. Мұражайдағы ерекше орын Панфилов дивизиясына арналған.
Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы Арман Әсеновтің айтуынша, Офицерлер үйінің аумағында да ашық аспан астындағы мұражай ашылып, субұрқақ қайта жаңғыртылады.
Қорғаныс министрлігі Әскер үйін толығымен өз басқаруына қайтарып, оны жеке жалға алушылардан босатады.