Астанада «Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды зымырандармен және оқ-дәрілермен бейбіт және соғыс уақытында қамтамасыз ету жүйесінің қазіргі жай-күйі мен жетілдірілуі» тақырыбында республикалық конференция өтті.
Іс-шараға Barys Dynamics компаниялар тобының өкілдері қатысты.
Great Sky ЖШС атынан бас директордың орынбасары Андрей Тихоненко баяндама жасап, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің (ҚӨК) қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрілермен қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды.
Ол өз сөзінде Қазақстанды оқ-дәрімен қамтамасыз етуге бағытталған “Aspan” жобасына ерекше назар аударды.
Конференция барысында келесі мәселелер бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылды:
▪ оқ-дәрілерді соғыс жағдайында сақтау және жеткізу тәртібі,
▪ ұшқышсыз ұшу аппараттары (БПЛА) мен барлаудан қорғану тәсілдері,
▪ әскери қоймаларды жасырын түрде орналастыру әдістері,
▪ Арыс қаласындағы жарылыс оқиғаларының себептері мен салдарлары.
Конференция қорытындысы бойынша оқ-дәріні сақтау, тасымалдау және қамтамасыз етуге жауапты құрылымдардың қатысуымен біріккен комиссия құру ұсынылды. Мақсат – бейбіт және әскери уақытта бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеу арқылы болашақта қайғылы оқиғалардың алдын алу.
#ҚӨК #ҚазақстанҚауіпсіздігі #BarysDynamics #GreatSky #AspanЖобасы #АстанаКонференциясы #ҚарулыКүштер #Оқдәрі #ҚорғанысӨнеркәсібі #БПЛАданҚорғаныс