KPE зауытына Руандық делегация келді

30.05.2025

Бүгін Kazakhstan Paramount Engineering зауытында Руанда Республикасының Қорғаныс министрлігінің өкілі Майкл Нсенгийумва, Қазақстандағы Руанда Елшісі Чарльз Кайонга ресми сапармен келді.
Қонақтар зауыттың өндірістік қуатымен танысып, қазақстандық бронетехника үлгілерін көрді. Тараптар қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ықтимал ынтымақтастықты талқылады.