Астана, 2025 жылғы 24 шілде – Бүгін KPE (Kazakhstan Paramount Engineering) зауытында мәртебелі мейман – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Садықов Қайрат Әнуарбекұлы болды.
Сапар барысында бас қолбасшыға кәсіпорында шығарылатын заманауи броньды техниканың толық өндірістік циклі көрсетілді. Зауыт басшылығы оны отандық қорғаныс өнеркәсібінің негізгі кәсіпорны болып табылатын KPE-нің технологиялық мүмкіндіктерімен және өндірістік қуатымен таныстырды.
KPE және WSE зауыттары кіретін Barys Dynamic компаниялар тобының перспективалы жобаларына ерекше назар аударылды. Сапар аясында мәртебелі мейман сондай-ақ WSE өндірістік алаңында болып, ҰҰА (ұшқышсыз ұшу аппараттарын) әзірлеуге және олардан қорғану жүйелеріне қатысты жаңа жобалармен танысты. Сонымен қатар, таныстырылым аясында артиллериялық оқ-дәрілерді өндіруге арналған "Аспан" инновациялық жобасы ұсынылды.
Генерал-майор Қ.Ә. Садықов "Аспан" жобасына қолдау білдіріп, өз кезегінде Әскери-әуе күштері үшін отандық оқу-жаттығу базасын дамытудың қажеттілігі жоғары екенін атап өтті. "Біздің ұшқыштарды дайындау үшін оқу-жаттығу авиабомбаларын жасау – өзекті міндет", – деп атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдету бойынша өз тілектерін білдірді.
Бұл сапар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен отандық қорғаныс өнімдерін өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудағы маңызды қадам болып, елдің қорғаныс қабілетін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа көкжиектер ашады.