Сапар барысында делегация зауыттың өндірістік әлеуетімен, құрышталған әскери көліктерді құрастыру үдерісімен танысты. Зауыттың басты артықшылығы болып табылатын конструкторлық бюроның жаңа жобаларын көрді.
Сұлтан Бұрқытбайұлы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуға қосып жатқан үлесін жоғары бағалап, өндірістің жергіліктенуі мен технологиялық тәуелсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу аясында Қарулы Күштерді отандық сапалы техникамен қамтамасыз ету, жаңғырту және екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.