«АЛАН» БДМ

«АЛАН» БДМ

«Алан» – көпмақсаттағы құрышталған дөңгелекті машинасы. Ол әртүрлі міндеттерді атқаруға, мәселен: құқықтық тәртіпті сақтау, арнайы жасақ және айрықша әрекет ету тобының операциясына, ішкі қауіпсіздікке, шекараны шолғындауға және қарулы қақтығысты жоюға арналған.

Құрышталған қалыптың құрамында қосымша қорғанысты қамтамасыз ететін жеңіл композициялық материалдар қолданылады. Ол автокөліктің салмағына және құрышталған машинаның нәтижелік көрсеткіштеріне әсерін тигізбейді.

 «Алан» бірнеше конфигурацияда шығарылады, мысалы: барлау машинасы, командалық-штабтық машинасы, әртүрлі қару-жарақ түрлері орнатылған арнайы жедел күштерінің машинасы.

«АЛАН» БДМ БАСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Жауынгерлік құрамы 3+8 адам
Пайдалы жүктемесі 2000 килограмм
Баллистикалық қорғанысы 3 деңгейінде STANAG 4569
Минаға қарсы қорғанысы 1 деңгейінде STANAG 4569