«БАРЫС 8х8» БДМ

«БАРЫС 8х8» БДМ

«Барыс 8х8» – алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдермен жабдықталған көпмақсаттағы броньды дөңгелекті машина. БДМ көпмақсаттылық, жоғары мобильділік және минаға қарсы платформа қондыру қажеттілігіне байланысты аймақтағы талаптардың ұлғаюынан туындаған.

«Барыс 8х8» минадан, қолдан жасалған жарылғыш заттардан, жол бойындағы қабықсыз қопарылғыштан қорғанысты озық түрде қамтамасыз етеді.

Минаға қарсы тегіс түбі сұлбаны 2.4 метрге дейін азайтуға мүмкіндік беріп, ұрыс кезінде, сондай-ақ кейбір қолдан жасалған жарылғыш қондырғыларға қарсы қосымша басымдылықпен қамсыздандырады.

Арнайы «минаға қарсы» орындықтары жақын жердегі немесе тура көлік астында болған жарылыс ықпалынан туындаған экстремалды жылдамдық жағдайында экипаж жаралануының алдын алуға арналған.

«БАРЫС 8х8» БДМ БАСТЫ КӨРСЕТКІШТЕРІ:

Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 110 километр
Пайдалы жүктемесі6,5тонна
Жүріс қоры 500 километр
Минаға қарсы қорғанысы 4В деңгейінде STANAG 4569